Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мектеп асханаларының мәзірі өзгереді

Қазақстанның әрбір бесінші баласы семіздікке шалдыққан. Соңғы бес жылда балалар мен жасөспірімдер арасында семіздік дерті 15 пайызға артқан

- Бүгінгі таңда балалар газдалған, энергетикалық қуаты жоғары, майлы заттар мен қант көп қосылған тағамдарды, сусындарды жиі тұтынады. Соның әсерінен семіздікке шалдығуда. Мұның алдын алмаса, балалар арасында семіздік дерті үлкен мәселеге айналып, сау ұрпақ қалыптастыру қиынға соқпақ. Соған байланысты "Нұр Отан" партиясы мектеп асханаларының ас мәзірін жаңартуды жоспарлап отыр. Ол үшін ас мәзірі мен асханаға қойылатын құрал-жабдықтардың кешенді үлгісін жасап, нақты шешімдер қабылдау қажет, - деді "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Өскеменде өткен Тамыз конференциясында.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы асхана мәзірін жетілдіруді қолға ала бастаған екен. Өскемен қаласының бес мектебі мен Семей қаласының бес мектебіндегі асхана құрал-жабдықтарын ауыстырып, оқушыларға жаңа ас мәзірі бойынша тағам дайындай бастамақ. Алдағы уақытта өңірде тамақтану комбинаты ашылуы мүмкін.

"Мектеп асханаларын жаңарту" жобасы бойынша, алдымен, асханаларға бірыңғай заманауи құрал-жабдықтар сатып алынады, кейін пайдалы, сіңімді тағамдардың арнайы мәзірі жасалады.

Кәсіпкерлер мектеп асханаларына қызмет көрсету үшін тендерге қатысып, ұтқан кәсіпкер бір жыл уақыт асханаға иелік ету құқығына ие болады. Енді партия өкілдері мемлекеттік сатып алу мәселелеріне өзгеріс енгізуді ойлап отыр. Өйткені асхананы бір жыл ғана жалға алған кәсіпкер оның құрал-жабдықтарын жаңартуға тырыспайтыны белгілі. Сондықтан қазір жеке кәсіпкерлерге сенімді басқару шарты бойынша мектеп асханаларын ұзақ жылға берудің тетіктері қарастырылуда.

Следующая →