Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Құрылысы биыл бітпейді

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XX сессиясы өтті. Жиында атқарылған істер жайлы есеп беріліп, алдағы уақытта орындалатын тапсырмалар реті талқыланған болатын

Әкімнің есебін тыңдап болғаннан кейін, жиынға келген 32 депутат көкейдегі сауалдарын аймақ басшысына тікелей жолдады. Депутаттардың бірі Семейдегі "қырық жыл" жөндеу жұмысына зәру болған әуежай мәселесін қозғады.

- Даниал Кенжетайұлы, Семей әуежайын қайта жөндеу жұмысы тым созылып кеткен сыңайлы. Бұған не дейсіз? - деп депутат жөндеу жұмысының әлі аяқталар түрі жоқ екенін тілге тиек етті.

Ал мердігер компания маусымның басында берген сұхбатында әуежайды "қайта жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңы немесе қазан айының басында толығымен аяқталып, халықтың қолданысына беріледі" дегенімен, жұмыс сол күйі тоқтаған қалпында тұр.

- Белгілі бір себептерге байланысты жұмыс тоқтап тұр. Қаулы шыққаннан кейін, әуежайды өзімізге, яғни, мемлекеттің меншігіне сатып аламыз. Одан кейін барып қаржы бөлінеді, қаржы бөлінгеннен кейін жұмыс та бітеді. Үлкен жұмыс істелініп жатыр. Біз Семей әуежайын жоғары деңгейдегі халықаралық әуежай етеміз. Мен оның жұмысын кешігіп жатыр деп ойламаймын. Келесі жылдың жарты жылдығына дейін толық аяқтаймыз, - деп жауап қатты ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Бұл стратегиялық нысан банкротқа ұшыраған соң аукцион арқылы сатылымға шығарылған болатын. Алайда мамандардың қателігінен әуежай жекенің иелігіне өтіп кеткен.
Сот шешімімен әуежай мемлекеттің қарауына қай-
тарылатын болды.

Айта кетейік, бұл жобаға бюджеттен 10 млрд теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, жобаға қосымша тағы да 10 197,4 млн теңге қаржы бөлу қарастырылуда.


Следующая →