Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жаңа пән оқытыла бастады

Биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыс мектептерінде 5, 6, 7-сынып оқушыларына арналған "Өлкетану" пәні оқытылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында "Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс" деген болатын. Осыған орай, өңіріміздегі мектептерде "Өлкетану" пәні оқытыла бастады.

- Жас өрендер туған жерінің тарихын жақсы білуі керек. Ол - отансүйгіштіктің негізі. Жалпы бұл бағытта облысымызда биылғы оқу жылынан бастап орта білім беру жүйесінде "Өлкетану" пәні енгізіліп отыр. Ол үшін 20 сағат бөлінді. Оқулық арнайы әзірленіп, Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес құрастырылды, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкаримқызы.

Бесінші, алтыншы, жетінші сынып оқушылары енді "Қазақстан тарихы", "Қазақ әдебиеті", "География", "Музыка" пәндері негізінде "Өлкетану" сабағын оқиды. Осы мақсатта бүгінде әр аймақтың жеке "Өлкетану" оқулығы жасалған. Курс мектептерде оқу және тәрбие ісімен қатар жүргізіледі.

- Жалпы, елімізде мектеп оқушыларына "Өлкетану" пәнін оқытуды қолдаймын. Білім ошағында бұл бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, онда жинақталған дереккөздерді тарих пәнінде пайдаланудың маңызы зор. Осылайша біз "Өлкетану" сабағын оқушылардың өзіндік ғылыми ізденістері мен шығармашылығына айналдыра аламыз, - дейді тарихшы-журналист Мұратхан Кенемолдин.

Оқулықтарға қажетті материалдарды жинақтап, даярлау жұмыстарымен облыс әкімшіліктері және білім басқармасының ұйғарымымен бекітілген тарихшы, өлкетанушы ғалымдар, әдістемеші және педагог мамандар тобы айналысты. Оқулықтардың мазмұны мен безендірілуі тұрғысынан сапалы болуын Білім және ғылым министрінің бұйрығымен құрылған арнайы жұмыс тобы және "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары қадағалайды.

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып, үйрету оқушыларды азаматтық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

Следующая →