Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

IT-мамандар дайындалады

Ересек адамдарға компьютерлік сауаттылық пен бағдарлама жасаудың қыр-сырын үйрету үшін елде 20 IT-орталық ашылмақ. Ал орталыққа жүгінген азаматтар алты ай курс оқып, белгілі бір саланың IT-маманы болып шықпақ

Қазір көрші елдердің барлығы ақпараттық технология саласына жіті көңіл бөле бастады. Алдағы отыз жылда қазіргі мамандықтардың барлығы сандық, ақпараттық жүйеге ауысып, IT-бағдарламалау болашағы жарқын жалғыз салаға айналмақ. Сол себепті "Нұр Отан" ­партиясы балаларға мектептен бастап IT-бағдарламалауды үйретуге ден қоя бастаған.

- Бағдарламалау тілін оқыған балалардың логикалық, креативті ойлау қабілетінің жылдам дамитынын әлемдік зерттеулердің барлығы дәлелдеп отыр. IT-білім алған оқушы болашақта бағдарламалаумен айналыспаса да, кез келген салада шығармашылық қабілетін көрсетіп, үлкен жетістікке жете алады, - дейді партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Биыл елде мың IT-сынып ашу жоспарланған. Ал Шығыс Қазақстан өңірі бұл бастаманы орындауда үлкен жетістікке жетіп отыр екен.

- Биыл Астана мен Алматы қаласын қосқанда жеті өңірдің өзінде 106 IT-сынып ашылды. Ал Шығыс Қазақстанның бір өзінде 277 IT-сынып ашылып отыр. Біз үшін бұл үлкен жетістік, - дейді Мәулен Сағатханұлы.

Ең қызығы, IT-мамандарға деген сұраныс барлық салада бар көрінеді. "ШығысТехСервис" ғылыми-техникалық орталық" ЖШС директоры Сергей Бойконың айтуын­ша, мамандық нарығына жасаған бірнеше жылдық зерттеудің нәтижесі өңірдің IT-мамандарға зәру екендігін дәлелдеген.

- Әсіресе, өңірдің ірі кәсіпорындарының IT-мамандарға деген сұранысы жоғары. Сондықтан олардың талаптарын ескеру үшін IT-саласынан, аз да болсын, хабары бар мамандарды кәсіпорындарға тәжірибе алуға жіберудеміз, - дейді Сергей Бойко.

Соған байланысты партия өкілдері еңбек нарығындағы IT-мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін елдің ересек азаматтарына да IT-білім беруді ұйымдастырғалы отыр. Аталған бастаманың аясында елде 20 IT-орталық ашылмақ. Мұнда жыл сайын 35 мың адам дайындалып шығады деген болжам бар.

Одан бөлек, Өскемен қаласының политехникалық колледжі мен Семейдің электротехникалық колледжінде жұмыссыз азаматтарға IT-білім беріледі. Биыл Семейдегі колледжден жұмыссыз 180 адам оқып шыққан.

Следующая →