Алматы тауларында туристер құтқарылды
Үлкен Алматы шыңында Республикалық жедел құтқару жасағының сарбаздары 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі
31 тамыз күні Республикалық жедел құтқару жасағының жедел қызметіне түнгі сағат 02.00-лер шамасында жас жігіт телефон шалып, достарының Үлкен Алматы шыңында жүргенін және олардың байланысқа шықпай жатқанан айтып, хабар берген. Азамат достарын іздеуге өзі шыққалы жатқанын да айтқан. Құтқарушылар жас жігітке таң атқанша күте тұрып, таң атқан соң өздерімен бірге жолға шығуға кеңес берді.
Таңғы сағат 5.20 шамасында құтқару жасағының өкілдері жоғалған адамдар болуы ықтимал Проходное шатқалына келеді. Онда телефон шалған жігітпен жолығып, жоғалғандарды іздестіру үшін Космостанция бағытына қарай жолға шығады. Сағат 11.00-лер кезінде іздеу жұмыстарына тағы қосымша топты жұмылдару жөнінде шешім қабылданады. Олар Аю-сай шатқалына қарай жол тартады.
Оқиға орнына жеткен екінші топ та іздеу жұмыстарына кіріседі. Шамамен екі сағаттан соң екінші іздеуші топ жоғалғандарды Аю-сай шатқалындағы сарқыраманың маңынан табады. Оқиға орнына бірінші топ мүшелері де келіп жетіп, екі топ бірігіп альпинистік құрылғыларды пайдаланып, туристерді шетінен төмен түсіре бастайды.
Абырой болғанда құтқару операциясы сәтті өтіп, зардап шеккен азаматтар көлік жүретін алаңға дейін жеткізілді. Осылайша 7 адам құтқарылып, олардың біреуіне медициналық жәрдем көрсетілді.
Следующая →