Қала күніне орай өтетін іс-шаралар
8 қыркүйек - Өскемен қаласының туған күні. Бұл күні қалада спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалар, жәрмеңкелер мен ойындар өтпек
Қала күнін атап өту 7 қыркүйектан басталады. Бұл күні сағат 10.00-де Алматы-Өскемен тас жолында велоспорттан қалалық ашық чемпионат басталып, 15-17 жастағы спортшылар өз өнерін көрсетпек. Дәл осы уақытта Орталық мәдениет үйінде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумы өтеді.
Сол күні кешке сағат 17.00-де облыстық драма театрда «Ақ Ертіс» халықаралық классикалық музыка фестивалі басталады. Биыл төртінші рет өткізілгелі отырған бұл фестивальге қазақ солистерінен басқа Италия, Ресей, Испания, Сербия, Перу елдерінен опера музыкасының хас шеберлері келіп өнер көрсетпек.
Ал 8 қыркүйек күні сағат 9.00-де Орталық алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталады. Осы уақытта Қазақстан көшесінде «Бал фестивалі» ашылмақ. Оған облыстың түкпір-түкпірінен онаурызшылар келіп өз өнімдерін саудаға қоймақ.
Ал сағат 11.00-де «Өркендеп, өрлей бер, Өскемен!» мерекелік концерті шымылдығын ашпақ. Бұған Риддер, Глубокое, Ұлан аудандарының әртістерімен бірге Ресейден аккордеонистер мен скрипкашылар, би ансамблі, әншілер келіп қатысады.
Орталық алаңдағы думан-той мұнымен аяқталмақ емес. Сағат 11.00-де Денсаулық фестивалі ашылып, дәрігерлер тұрғындарға кеңес береді.
Ал сағат 19.00-де кешкі концерт басталады. Оған Дастан Оразбеков, Әли Оқапов, Зируза, Райм мен Артур қатысады.
Осы күні сағат 10.00-11.00 аралығында жөндеуден өткен аулалардың салтанатты ашылуы өтеді. Бұл күні қалада оннан аса жаңа аулалар ашылып, пайдалануға беріледі.
Следующая →