Ким Чен Ын халық алдына шықты
КХДР-дың көшбасшысы Ким Чен Ын халық алдына шықты. Ол ресми іс-шараларда екі апта бойы көрінбеген
Орталық Азия агенттігінің хабарлауынша, КХДР басшысы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жасаушы Чу Гю Чхангтың жерлеу рәсіміне қатысты.
Жерлеу рәсімінде Ким Чен Ын ғалымды еске алып, гүл шоқтарын қойып, отбасына және достарына көңіл айтты.
БАҚ өкілдері Ким Чен Ынның мерекедегі суреттерін жариялады.
Ким Чен Ын соңғы рет 15 күн бұрын халық алдына шыққан. Оның бұл күндер аралығында қайда болғаны әлі белгісіз.