Әже мен немересі орманда адасып қалды
Әже мен немересі Риддер астындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып, қайтып оралмаған
Кеше күндізді уақытта Серый луг ауданында жүрген 62 жастағы қария 10 жастағы немересін ертіп орманға түсіп, саңырауқұлақ термек болған. Енді оларды құтқарушылары іздеуде.
Он шақты ШҚО ТЖД қызметкерлері мен ШААШҚЖ мамандары, еріктілер орманды түгел сүзіп шықпақ.
Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, олар түні бойы орманда жүрсек керек. Айта кетейік, түнгі уақытта Риддердегі ауа температурасы 6-8 градусқа дейін төмендеген.