Өскемен қалалық №15 орта мектебінде робототехника кабинеті ашылды
Білім күніне орай Өскемен қаласының меценаты Сергей Коротин орта мектеп ұжымына робототехника кабинетін ашып, сыйлық жасады
Робототехника кабинетіне керек-жарақтардың барлығы орналастырылған: заманауи компьютерлер, робот құрастыруға арналған оқу құралдары, дайын электрониктер. Ал роботтардың бірі, тіпті, Рубик кубигін құрастыра алады!
Робототехника кабинетінде білім алған оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеті қалыптасып, ақпараттық технологияларды игеруге деген ықыласы артады.
Кабинеттің ашылу салтанатында Сергей Коротин балаларға қамқорлық әрқашан қажет екендігін ескертті.
- Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жаңа табыстарға жетуіне тілектеспін. Жаман баға алған екенсіңдер, көңіл түсірудің қажеті жоқ. Бұл тек оқуға аздап көңіл бөлу керектігін, барынша күш салу керектігін білдіреді. Ал жаңа оқу жылы алдында көңілдерің көтерілу үшін аздаған сыйлық жасап, мектеп құрал заттарын табыстауды жөн көріп отырмын, - деді Сергей Коротин оқушыларға.
Мектептің 20 оқушысына кеңсе тауарлары толтырылған рюкзактар берілді. Балалардың көңілі көтерілсін деп меценаты оларға бір-бір қорап тәтті кәмпит ұстатты.