Конституция күніне Өскеменнің орталық көшелері жабылады
Көлік қозғалысы осы сәрсенбіден бастап екі күн бойы шектелетін болады
Мерекелік шаралар ұйымдастырылатындықтан 29 және 30 тамыз күндері қаланың орталық көшелерінің кейбіріне шектеу қойылады.
29 тамыз күні 16.00-де сахнаны құру жұмыстары жүретіндіктен Республика алаңы жабылады. Ал 18.30-дан Қазақстан көшесі бойындағы "Сулпак" СҮ-нің шаруашылық өткелі жабылады.
30 тамыз күні 8.00-ден 15.00-ге дейін Киров көшесінен Пермитин көшесіне дейін Орджоникидзе көшесінің сол жағы; Киров көшесінен Пермитин көшесіне дейін М. Горький көшесі, Қ. Қайсенов көшесінен Қабанбай баты көшесіне дейін Қазақстан көшелері жабылады.