Бір тәулікте 87 тонна шөп өртенді
Тілсіз жау дала мен дайындалып қойған шөп орамдарына лап қойды
Ірі өрт оқиғасы Жарма ауданындағы Сүмбіл ауылдық округінде, «Үшөзек» жерінде орын алды. Өрт толық бес сағаттың ішінде ғана ауыздықталды. Ал өрттің шығуыан найзағай себеп болса керек.
Сонымен қатар, демалыс күндері өртткен үй жануары мен шаруашылық құрылымдары зақымданды. Сақтық шаралары сақталмағандықтан Жаңғызтөбе ауылында үй ауласында тұрған шөп өртеніп кетті. Сонымен қоса, үш қой тірідей өртенді. Ал жанып кеткен шөп көлемі – жеті тонна.
Ұқсас жағдай Ұлан ауданындағы Гагарино ауылында орын алды. Центральная көшесіндегі жер үйдің ауласында тұрған 4 тонна шөп жанып кетті.