Өрт шығарған трактор жүргізушісі айыппұл төлейді
Көкпекті ауданының тұрғыны ақауы бар техникамен алқапқа шығып, трактор ұшқыны құрғақ шөпті өртеп жіберген
Өткен аптада Көкпекті ауданында орын алған өрт салдарынан бидай мен күнбағыс алқаптары түгел өртеніп кете жаздады
Жергілікті механизатор қауіпсіздік техникасын ескермей, ақауы бар трактормен алқапқа шыққан. Енді ол 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр.
Тау-дала филиалының Үлкен Бөкен орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, даладағы өрт күннің екінші жартысында Үлкен Бөкен ауылдық округінің Ақтас ауылында орын алған. Өрт туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндіру бригадасы арнайы техникамен оқиға орынан аттанған. Тілсіз жау түн ортасында ғана ауыздықталды. Жалпы 30 гектар жер өртке оранған.