Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Колледждерге грант бөлінді

Биыл облыс аумағындағы колледждерге жергілікті бюджет есебінен 5300-ден аса тегін білім беру гранттары бөлінген. Былтыр тек 4500 грант қана бөлінген еді

Бөлінген гранттар мемлекеттік колледждермен қатар жекеменшік білім беру мекемелеріне де берілген.

- Шығыс Қазақстан облысы биылдан бастап жекеменшік колледждермен мемлекеттік және жекеменшік келісімшарт орнатып, кәсіби мамандықтарға білім беру гранттарын бөле бастады. Бұл жағынан біздің облысымыз елде алғаш жекеменшік колледждермен серіктестік орнатқан өңір болып отыр, - дейді ШҚО Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қажымұқан Оспанғалиев.

Атап айтқанда, облыс әкімшілігі өз қаражатынан бөліп отырған 5350 тегін білім беру грантының 480-ін жекеменшік колледждерге берді.

Одан бөлек, "Серпін" бағдарламасы бойынша республикалық қазынадан 210 орынға тегін грант бөлінген.

- "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама" аясында тағы да 1730 тегін білім беру гранты бөлініп отыр, - дейді Қажымұқан Әлімханұлы.

Қазір колледждер кәсіби білім алғысы келгендерді әлі қабылдап жатыр. Олар орта мектепті бітіргендігі жөніндегі куәлікті әкеліп, емтихан тапсырады. Ал Кешенді тестілеу сертификатын не ҰБТ нәтижесі туралы сертификатын тапсырған түлектер түсу емтихандарына қатыспай-ақ, ҰБТ-дан алған балдарымен конкурсқа қатысады. Бұл білім гранттарына ҰБТ-дан шектік балл жинай алмағандар да, ЖОО-ға түсуге қажетті балл жинай алмай сүрінгендер де қатыса алады.

Следующая →