Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Жұмыссыз" ретінде тіркелудің жұмысы көп

ШҚО-дағы жұмыспен қамту орталықтарына, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесімен 42847 адам жүгінген. Оның 37940-ы жұмысқа орналастырылыпты

Ал жұмыспен қамту орталықтарына тіркелмей бос жүрген қаншама адам бар.

Мәселен, азамат жұмыстан шығып қалған соң, 10 күннен кейін жұмыспен қамту орталығына барып, өзін "жұмыссыз" деп тіркейді. 10 жұмыс күні өткен соң "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы оның деректері тексеріліп, жұмыссыз ретінде тіркеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылданады. Жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш білдірген азаматтарға арнайы мекеме дерекқорда бар бос жұмыс орындарын ұсынады. Азаматтар жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына үш рет жолданады. Жұмысқа қабылданбаған жағдайда "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне автоматты түрде қабылданып, жұмыссыз ретінде енгізіледі. Осыған байланысты азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу мерзімі 10 күнге созылады.

- "Жұмыссыз" статусын беру және тіркеу шарттары ҚР "Халықты жұмыспен қамту" Заңының 13 және 14-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. "Жұмыссыздар" тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына тізімдегі құжаттарды әкеліп, тіркеледі. Қазіргі уақытта облыста 9197 адам "жұмыссыз" ретінде тіркелген. Оның 3918-і ер адам болса, 5279-ы әйел адам, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарамасының басшысы Елена Старенкова.

Тағы бір айта кетерлігі, өтініш білдіруші әр үш күн сайын жұмыссыз екенін растап отырса ғана жұмыссыз ретінде тіркеледі екен. Алайда үш күн сайын растап отырмақ түгілі, өзінің жұмыссыз екенін тіркемей жүрген қаншама азаматтар бар. Сондықтан жұмыссыздар саны қазіргі статистика көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Жақында жұмысқа орналаспақшы болған адамдарды жұмыспен қамту процесін жеңілдету үшін Электронды еңбек биржасы іске қосылыпты. Деректерге сүйенсек, ресурс жұмысы барысында елімізде 223 мың адам жұмысқа орналастырылған екен. Электронды биржа тегін және тәулік бойы қолжетімді, оның деректер базасы жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмысқа орналастыру агенттіктері және онлайн-жұмыс орындарының ақпараттары арқылы әзірленеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де ресурста өздері туралы ақпарат бере алады.

Жұмыс іздеушілер үшін де, жұмыс берушілер үшін де бос жұмыс орындарына өтініш беру жүйесі жеңілдетілді. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер жұмысқа тұру орталығына бармай-ақ, бос орынды портал арқылы орналастыра алады. Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін биржаның танымал әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Ресурс сіздің түйіндемеңізді және оның жауаптарын делдалдармен байланыссыз дербес тексеруге мүмкіндік береді.

Следующая →