Шотландияда белгісіз химиялық қоспаның кесірінен СҮ қызметкерлері эвакуацияланды
Сауда үйіне келуші азаматтар сауда кешенінің әкімшілігіне шағымданып, жөтел қысып, көздерінен жас кетіп, өздерін жайсыз сезінгендіктерін айта бастаған
Сауда үйінің қызметкерлері өрт сөндірушілерді шақырып, келушілерді эвакуациялай бастаған.
- Клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі бірінші орында, - дейді СҮ әкімшілігі.
Алдын ала зерттеулерге қарағанда, сауда үйіне вентеляция желісі арқылы химиялық бояудың иісі тараған. Қазір 40-тан астам адам дәрігерге жүгінген.