Өскеменге жаңа әкім келді
Қуат Тұмбаевтың орнына бұған дейін де Өскеменде қызмет еткен Жақсылық Омар келді
Жаңа әкімнің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.
2009 жылы Жақсылық Омар облыс басшысының көмекшісі болған. 2010 жылы Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.
2011-2013 жылдары ШҚО Мәдениет басқармасын басқарса, 2013-2016 жылдары облыс әкімінің орынбасары болды.
Жақсылық Омар экономика ғылымдарының магистрі.