Иран билігі: Трамппен кездесу – мәнсіз
АҚШ Иранмен болған ядролық келісімнен шығып кеткендіктен, Иран билігі Дональд Трампен кездесудің мәнсіз екендігін, одан түкте шықпайтынын айтады
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің айтуынша, АҚШ ядролық келісімнен шығып кету арқылы бұған дейін Иранмен жасаған келіссөздердің барлығын көкке ұшырды. Енді Иран АҚШ-қа сенбейтін болды.
Соған байланысты, Иран билігі АҚШ қанша санкция ұйымдастырса да, ядролық қару туралы жоспарды қарастырудан бас тарататындығын мәлімдеді.
- Біз атом туралы келісімшартты жөндеуден бас таратамыз. АҚШ-тың келісімшартты орындағанын қалаймыз, - деді министр.