Үш ай бойы іздестірілуде
Семей қаласының тұрғыны Бауыржан Қапанов 9 мамыр күні үйінен шығып кеткен, екі аптадан кейін туыстары іздеу жариялады
Жоғалған азаматтың апайы Шынар айтқандай, Бауыржанды 12 мамыр күні "Жансая" базары маңынан көргендер болған. Онда белгісіз ер адам Бауыржанға Аягөз ауданында жұмыс ұсынып тұрған көрінеді.
- Оны біреулер алып кетер дегенді ойламадық та, - дейді Шынар Қапанова. - Қаладан іздедік.
Артынша бауырын алып кетуі мүмкін шаруашылық иесі де Бауыржанды іздеп жүргенін білген.
- 26 мамыр күні жұмыскер Аягөз ауданы Қосағаш ауылында орналасқан "Қазтай" шаруа қожалығынан шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ, - делінген тұспал хабарламада.
229 жастағы ер адам үйіне де әлі күнге дейін оралмаған. Уайымға салынған туған туыстары оның қайда болуы мүмкін екендігінен де бейхабар.
Бауыржан Қапановтың қайда екендігін білетіндер болса, 8-702-312-30-69 (апайы Шынар), 8-747-349-57-17 ерікті) телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.