Екі жасар сәбидің өңеші күйіп қалған
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жанерке Жеңіс оқыста қазан жуатын сұйықтықты ішіп қойған
III деңгейлі өңеш күйігін алған Жанерке ауруханаға жатқызылған.
- Біз жер үйде тұрамыз. Таңертең күн суытып кететіндіктен көмір алуға далаға шығып кеткен едім. Қайтып келсем, қызым тұрмыстық химиялық затты ішіп отыр, - дейді сәбидің анасы Айгүл Қуандықова.
Дәрігерлер бөбектің өмірін сақтап қалу үшін үш күн бойы күрескен.
- Дәрігерлер кішкене саңылау арқылы өңешті сүмбілеу үшін жіп өткізді, - деп еске алады Жанеркенің анасы.
Сүмбілеудің әсері тек бір аптаға жетеді. Содан кейін баланың өңеші қайта жабысып, ішіп-жеуі қиындай түседі.
Ем қабылдап жатқан жеті ай ішінде 29 үрдіс жасалды. Ол баланың иммунитетіне елеулі әсер еткен.
- Қызым жиі ауыратын болып алды. Сондықтан үнемі антибиотик егуге тура келеді. Қызым арып, күлкіден қалды, - дейді Айгүл.
Баланың жазылып кетуіне үміт бар. Бірақ ол үшін Омбыдағы ауруханадан ем қабылдауы керек. Бұнда сұйық азоттың көмегімен күйік салдарынан пайда болған тыртықты қатырып тастауға болады. Ота мен тексеріс, сонда тұру және жолын қоса есепгенде отбасына орта есеппен 400 мың теңге қажет. Сәбидің анасы барлық қайырымды жандардан көмек сұрайды.
Көмек көрсету үшін реквизиттер:
Kaspi Gold: 5169 4931 8419 1693
ЖСН: 870519302959 Куандыков Ерлан Женисович (папа)
Halyk Bank: 4390 8782 6537 3257
ЖСН: 630604400209 Давлетова Светлана Владимировна (әжесі)