Даниал Ахметов: Октябрь жағажайы Бұқтырмадан да асып түседі
Аймақ басшысы Өскемен қаласында құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысандарды аралап көріп, Октябрь жағжайына да ат басын тіреді
Кеңес кезінен бері жөнделмеген бұл жағажайды облыс басшылығы қаланың көрікті демалыс орнына айналып, спорт алаңдарын ашып, жағажайдың маңын жабдықтап беруді ойлап отыр.
Мұнда сауда-саттық орындары да еуропалық стандарт бойынша орналастырылатын болады.
- Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жағажай маңы тамаша табиғи саябақ болмақ. Сонда Өскеменнің тұрғындары Бұқтырмаға ағылмай-ақ осы жағажай да демала алатын болады, - дейді Даниал Ахметов.
Карбышев көшесі бойында бұл жағажайға арналып автотұрақжай салынуда. Жағажай келесі жылы ашылатын болады.