Қалалық әкімшілікте кезекті кадрлық өзгерістер
Өскемен қаласының әкімі ресми түрде өз қызметінен босады, қала басшысының міндетін уақытша Ольга Булавкина атқарады
Қуат Тұмабаев 13 тамыз күні ШҚО әкімінің ұсынысынан кейін қызметін өз ерікмен босату туралы арыз жазды.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қуат Тұмабаевтың арызы қазіргі уақытта ҚР Президенті әкімшілігінің қарауында. Ал қала басшысының міндетін уақытша Ольга Булавкина атқаратын болады. Ал шаһарға жаңа басшы қашан тағайындалатындығы әзірге белгісіз.