ШҚО-да 300 мың теңгеге бағаланған шөп өртенді
Кеше Семейдің жеке үйлерінің бірінде қысқа дайындалған 21 тонна құрғақ шөпті өрт шалды
Үйдің иесі отты өшіре алмайтынын түсініп, жақын маңдағы автокөлікті алып, құтқарушыларды шақырған.
Өрт сөндірушілер алауды толықтай жою үшін алты сағат уақыт кеткен. Келтірген шығын шамамен 300 мың теңгені құрайды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрттің салдары анықталуда.