Суға батқан тағы екі адамның мәйіті табылды
Құтқарушылар Ұлан ауданы Айыртау ауылына жақын маңдағы су қоймасынан 44 жастағы ер адамның денесін тауып алды
Марқұм достарымен бірге жабдықталмаған "Алебастр" су қоймасында суға түскен.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, суға түсіп жүрген ол жағадан ұзап кетіп, қайтып кері жүзуге шамасы жетпей қалған. Ал достары бірден құтқарушыларды шақыртқан. Дегенмен, оны құтқарып үлгеру мүмкін емес еді.
- Оның денесі жағалаудан 12 шақырым жерден табылды, - деп атап өтті мекеменің баспасөз қызметі. - Ал су тереңдігі алты метрге жетеді.
Сол күні ауа райының қолайсыздығына қарамастан 49 жастағы ер адам Бұқтырма су қоймасында қайықпен жүзуге шыққан. Ал оқыс оқиға туралы хабарды құтқарушыларға марқұмның достары жеткізген. ТЖД мамандары қайықты жағадан үш шақырым жерден тапты, қазіргі уақытта суға кеткен ер адамның денесі іздестірілуде.
Одан өзге, кеше Зайсан көліне 20 шілде күні батып кеткен 48 жастағы ер адамның денесі табылды.