Сириядағы қару қоймасындағы жарылыс ондаған адамның өмірін жалмады
Сирия қалаларының біріндегі қару сақтайтын қойма жарылып, ондаған адамның, оның ішінде балалардың қазақсына әкеп соқтырды
Идлиб қаласындағы жарылыста, кемінде, 39 адам, оның ішінде 12-сі балалар, қаза тапты. Мерт болғандар саны бұдан да көп болуы ғажап емес. Зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жалғасуда.
Қираған ғимаратта қару сатумен айналысатын адамға тиесілі ату жарақтары сақталған көрінеді.