Өскеменнің 38 жастағы тұрғыны өртті сөндіремін деп күйіп қалды
Өскеменнің өрт сөндірушілері өткен аптада төрт рет адам құтқарған
Өрт сөндірушілер сенбі күні Михалкович көшесінде өртенген жер үйден 38 жастағы тұрғынды құтқарып қалды. Ол өртенген үйді өзі өшірмек болған. Алайда оң қолын күйдіріп, оттан алыс жаққа кетуге тура келген. Тұрғынның жарақаты ауыр емес.
Сол күні Абай даңғылы бойындағы құрылыс вагоны жанып, жанында тұрған МАЗ автокранына қарай "жалындаған". Ешкім жарақат алған жоқ.