Каспийге бекіре шабақтары жіберілді
Каспий маңы елдерінің басшылары Каспий теңізіне естелік ретінде бекіре шабақтарын жіберді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түркіменстан басшыларымен бірге Каспий теңізіне бекіренің майда шабақтарын жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Каспийдің биологиялық байлығын сақтауды насихаттау үшін ақсеркенің 500 майда шабағын теңізге жіберді.
Мемлекет басшылары кездесу барысында "Шатқал жолы" туристтік нысанына барып, Ақтаудың жағалауын көріп, театрландырылған көріністі тамашалады.
Тақырыптар:
Мальки осетра Символический жест Прикаспийские страны Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев Прикаспийский саммит