Жемқорлық қылмыс жасаған шенеунік ШҚО-да ұлттық компанияны басқарып отыр
Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ны тексерді
Тексеріс нәтижесінде көптеген бұзушылықтар анықталған. Мәселен, маңызды құжаттардың жоқтығы, заңға сай емес жолмен келісімшарт жасасу. Бірақ соның ішіндегі ең өрескелі – директордың өз қызметіне сай еместігі.
- "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ның директоры 2012 жылы 307-бап 2-бөлімі бойынша қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған, - деп түсіндірді Жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ренат Набивев. - Ал Заңға сәйкес, бұрын жауапқа тартылған азамат мемлекеттік секторда жұмыс істей алмайды. Мекемеге директорды қызметінен алып тастау туралы хат жолданды.
Жемқорлықпен күрес мекемесі бұрын істі болған азаматты осы орынға отырғызған компанияның бас директорына да шүйлікті.
Следующая →