ШҚО отбасылары үшін "Ашық есік күні" өтті
Сарбаздардың ата-аналары мен әйелдеріне, туған туыс, балаларына олардың қайда қызмет етіп, Отан қорғаушының бір күні қалай өтетінін көрсетті
"Шығыс" аймақтық қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің келушілері үшін "Ашық есік күні" өтті. Онда ұрыс техникасы, қару-жарақ пен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды.
Шұғыл қызметтің сарбаздары қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.
- Одан өзге, бұл күндері Павлодар, Курчатов, Семей мен Өскеменнің әскери тәрбиешілерінің семинары өтіп жатыр, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді. - Олар жеке құраммен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдістері мен формасын талқылауда.