Жаңа Зеландия пластик пакеттерді қолданбайтын болды
Жаңа Зеландия үкіметі отандық кәсіпкерлердің басқа қаптамаға өтуіне көмектеседі
2019 жылдан бастап Жаңа Зеландия пластик пакеттерді қолданудан бас тарта бастамақ, деп хабарлайды Новости РАА. Мемлекет азаматтары пластик пакеттерді қолдануға тыйым салу туралы петиция ұйымдастырып, оған 65 мың адам қол қойған.
- Пластик пакеттер мұхит суын ластап, тіршілік иелеріне зиянын тигізуде. Алайда мұндай пакеттердің орнына басқа да қаптамаларды қолдануға болады ғой, - дейді елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн.