Алаяқ құрбандарын хабарландыру сайтынан тауып отырған
Семей қаласының тұрғыны OLX хабарландыру сайты арқылы су құбырын орнатуға арналған ұңғымаларды бұрғылап беру қызметін ұсынып, ақшасын алып, ізін суытып отырған
Осылайша ол он адамды алдап соққан. Алаяқтан зардап шеккендер тәртіп сақшыларына берген жауаптарында азаматтың қызметі үшін ақыны алып, кейін жоғалып кеткенін айтқан.
- Күдіктіге қатысты бірнеше алаяқтық әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.