Астанада "Роботтар балы" ашылды
"Роботтар балы" ғылыми танымал шоуы "Нұр-Әлем" павильонында 7 тамыздан 26 қыркүйекке дейін ашық болады
Шоуға Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея мен Жапониядан заманауи андроидтар қатысады. Олар робототехниканың соңғы үлгілерін көрсетеді, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Барлығы 20 қатысушы болса, олардың арасында бишілер, музыканттар мен суретшілер, ақындар бар.
Роботтар қозғалады, сөйлесе алады. Танымал роботтардың арасында робот-болжамшы Робозагс, актер-робот Теспиан да бар.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Научно-популярное шоу "Бал роботов" Выставка роботов Достижения науки 



