Қала сыртындағы жолда автокөлік өртке оранды
Северный ауылы маңындағы Зырян тас жолында Mitsubishi Outlander маркалы көлік өртке оранды
Куәгерлердің айтуынша, көлікті тізгіндеген жүргізуші өзі жалғыз ғана болған. Ол өртке оранған көліктен дереу шығып, ешбір жарақат алмаған, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
Ал темір тұлпар түгелдей өртеніп кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік тізгініндегі жүргізуші аса қатты жылдамдықпен келіп, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан бетонды опырғышқа соғылып барып өртенген. Темір тұлпар иесі өрт сөндірушілерді шақыртпаған. Ал полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жасаған. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісінің мас күйінде болған-болмағандығын анықтамақ.