Тынық мұхитында "Джон" дауылы күшейе түсті
Тынық мұхитының үстінде пайда болған тропикалық дауыл "Джон" Мексикаға келіп, бірінші санаттағы дауылға айналды
Дауыл Мексикаға жақындаған, Мансанильо қаласынан 515 км қашықтықта соғуда. Дауылдың ортасындағы желдің жылдамдығы 33 м/с.
"Джон" дауылы биылғы жылы Солтүстік Америкаға жақындап келе жатқан алғашқы тропикалық дауыл болды. Бұған дейін дауыл Атлант мұхиты бойында қалыптасып, материктің шығыс жағалауына қауіп төндірді.