Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тарбағатайда малдан қауіпті ауру анықталды

Тарбағатайдағы шаруа қожалықтарының бірінде ірі қарадан тарайтын қарасан (эмфизематозды карбункул) ауруы тіркелді. Бұл ауру адамдарға жұқпайды, бірақ мал бұл аурудан бес күн ішінде өліп кетуі мүмкін. Оның жаппай таралу қаупі жоғары

Қарасан өте ерте заманнан белгілі, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. Қауіпті мал ауруының бұл түрі Тарбағатай ауданындағы "Ақбәдеш" шаруа қожалығынан шыққан.

- "Ақбәдеш" шаруа қожалығында 6 бас мал эмфизематозды карбункулмен ауырғаны расталды. Бұл инфекциялық ауру мал шаруашылығын шығынға ұшыратуы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан ірі қара малдың етін жеуге, сүтін ішуге болмайды. Адамға жұқпағанымен, ауырған мал айналасы 2-3 күнде өліп кетеді. Инфекция ошағына ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады. Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады, - дейді Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Қайратбек Бектасов.

Қайратбек Бектасовтың айтуынша, бүгінгі күні 325 малды өсіріп отырған шаруа қожалығына малдарды сатуға, союға шектеу қойып, карантин жариялау туралы аудан әкіміне ұсыныс жіберілген. Әзірге шешім шықпаған.

Бұл сала мамандарының айтуынша, ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем ғана нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады.

- Қарасан ауруына қарсы малға екпе егіледі. Шаруашылықтарда ірі қара малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Қарасан жиі байқалатын аудандарда бұзауларды екі рет 3 және 6 айлығында егеді, - дейді маман.

Сонымен қатар, ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерінде суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек.

Следующая →