Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада полицейлер екі автобазарды қоршауға алды

Астанада "Сатып алу" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр

Бұл мәліметті Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жедел-алдын алу шарасы қолданылған автобөлшектерді сататын "Қамқор 2" және "Титан" базарларында жүргізіліп жатыр.


Полициядағылардың айтуынша, бұл іс-шара жоспарлы түрде және біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұрланған мүлікті сатып алуға, сақтауға және заңсыз әрекеттермен айналысатын адамдарды анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа, полицейлер сатушылар арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.


- Бұл алдын ала жоспарланған шара, мұндайды біз жиі жүргізіп тұрамыз. Қазір тек жұмыс көлемі кеңейтілді, себебі көліктен аккумулятор, айна ұрлығы көбейіп кетті. Бізде ұрланған мүліктің тізімі бар. Қазір сол тізімдегі ұқсас белгілер бойынша тексеру жүргізу үстіндеміз. Кейін табылған зат тексеріске жолданады. Ол ұрланған мүлік болып шықса, иесіне аз уақыттың ішінде қайтарып береміз, - деді Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов.

Следующая →