Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Мыза көшесіндегі вокзал мүлдем талапқа сай емес

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары тексеріс жүргізіп, бұл вокзалды жөндеу керек деген ұйғарымға келді

Апта басында республикалық және облыстық қоғамдық ұйым өкілдері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мамандары бірігіп рейд өткізіп, Мыза көшесіндегі нысандарды тексерді.

- Рейд барысында вокзал ғимараты тозып тұрғаны, жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталды. Вокзалдың абаттандыру жұмыстары да көңіл көншітпейді, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті баспасөз қызметі.

Мекеме мамандары көрсеткендей, темір жол вокзалының басшылары күту залы, касса залы, фойе, жолаушылар платформасы, қоғамдық дәретхана сынды жерлерге тегін кіруге рұқсат беруі тиіс. Одан бөлек, жолаушылар платформасы мен перронға пандус салуы да керек.

- Вокзал құрылымы Темір жол вокзалын ұйымдастыру ережесіне сай емес. Соған қарамастан, вокзалға күніне үш жолаушылар пойызы тоқтап, 300-ден аса жолаушыны отырғызып-түсіреді, - дейді мамандар.

Мамандар вокзал кемшіліктерін бейнетаспаға түсіріп, "Қазақстан темір жолына" жолдады.




Следующая →