ШҚО-да қайырымдылық акциясы басталды
Жаңа оқу жылы қарсаңында "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының өкілдері аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке дайындаулға көмектесуде
Облыста шамамен аз қамтылған отбасынан 30 мың бала бар. Ал 800-ге жуық бала жетім және мыңға жуық бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған.
Олар тек канцелярлық тауарларға ағана емес, мектеп формасына да мұқтаж.
- "Баланы мектепке дайындайық" қайырымдылық акциясына аймақ меценатары да қолғабыс етуде, - дейді "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков. - Бірлесіп жаңа оқу жылына 1000 оқушыны дайындауды жоспарлап отырмыз.