Өскеменде 200 сарбаз ант қабылдады
ҚР Ұлттық Ұланның Өскемен қалалық гарнизоны, 5518 әскери бөліміне сарбаздар қабылданды
Ал ант қабылдау салтанаты Даңқ Мемориалы алдында болды. Қазақстаның әр түкпірінен, атап айтқанда, Алматы, Ақмола, Қарағанды облысынан ата-аналар келіп, ұлдарының ант қабылдауын көрді.
- ҚР Ұлттық Ұланның 216 әскери қызметкері ант қабылдады, - дейді 5518 әскери бөлімінің батальон командирінің орынбасары, капитан Нұрлан Башенов.