Экологтар Өскеменде күкірт сутегінің қайдан тарағанын анықтады
Осы жылдың басында Өскеменнің ауасы күрт бұзылып, күкірт сутегісі шамадан тыс артып кеткен еді
Статистика мәліметтеріне сүйенсек, ауаға таралған күкіртті сутегінің әдеттегі нормасынан 131 есе асып кеткен. Ал бұл өте зиян.
Алайда мамандар бұл қоспаның әлі ауадан сейіле қоймағандығын, соңғы екі аптада тағы да шамадан асқанын айтып дабыл қағуда. Әрине, қысқа қарағанда жазда ауаға тараған қоспа қалдықтың нормасы ондаған есе аз. Алайда бәрібір де өте қауіпті.
- Қыста жел болмай, метреологиялық жағдай нашар болды. Соның кесірінен ауадағы қалдық тарамай, қаланың аумағына жиналып қалды, - дейді Геннадий Корешков.
Павлодар қаласына да күкіртті сутегі көп тараған кезде, экологтар зиянды қалдықтың тарау ошағын тапқан еді. Ол Қаражыра көмір орнының қазандығы болыр шыққан. Алайда билік органдары көмір кенішіне ешқандай шара мен жаза қолданбаған еді.
Ал әзірше Өскемендегі күкіртті сутегінің тарауына не себе болғаны әлі белгісіз. Бұл шаруамен қазір облыстық прокуратура да айналысып жатыр.