Бұқтырма жағалауында үй өртеніп кетті
Екі қабатты үйдің иесі құтқарушыларға кеш хабарласқан
Бұқтырма жағалауында орналасқан демалыс базаларының бірі өртеніп кетті. Үй ағаштан салынғандықтан, өрт тез қаулаған. Бұл үйге демалуға келген отбасы жалға алған екен. Үйде иіс шығып жатқанын сезген олар база әкімшілігіне барып хабарлаған.
Ал база әкімшілігінің қызметкерлері өрт сөндіру қызметіне хабарласпай, өздері отты сөндірмек болған. Өртті өшіре алмайтынына көзі жеткен олар сонда барып қана құтқару қызметіне хабарласқан.
- Өрт сөндірушілер келгенше катермен жүретін құтқарушылар оқиға орнына бұрын жетіп үлгерді. Демалыс базасы маңындағы қауіпсіздікті бақылайтын бұл катер жағалау маңында күзетте тұрады, - дейді ШҚО ТЖД.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Үйді жалға алған отбасы аман.