Өскемен
Бұлтты
-16°
  • Өскемен
    -16°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    -16°
  • Риддер
    -19°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    -3°
  • Атырау
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    -10°
  • Түркістан
    -4°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    -11°
$
489.39
-2.20
567.99
-4.17
¥
71.28
-0.24
6.19
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанның екі ұлттық саябағы ЮНЕСКО тізіміне енді

Тізімге Шарын және Жоңғар Алатауы ұлттық саябағы енді

Қазақстандағы екі биосфералық қорық Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Бүгін ЮНЕСКО-ның МАБ халықаралық координациялық кеңесінің шешімімен («Адам және биосфера» бағдарламасы) Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне Шарын және Жоңғар Алатауы ұлттық парктері қосылды, - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.

Осылайша, Қазақстанның биосфералық резерваттарының тізіміне ұлттық 10 қорық кіреді. Олардың қатарында Ақжайық, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын, Алакөл, Қатон-Қарағай, Барсакелмес, Қаратау, Алтынемел, Шарын және Жоңғар Алатауы, сондай-ақ, трансшекаралық биосфералық резерваттардың бірі Үлкен Алтай бар.

Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісі ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы аясында құрылған.

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары үшін ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесі өте маңызды. Себебі біздің табиғи аймақтарымыздың құндылықтарын халықаралық деңгейде мойындатуға мүмкіндік береді.

Следующая →