Ауыл әкімі ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылды
"Алқаш" әкімнің қызметтік ісін Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қарап, оны жұмыстан босату туралы ұйғарымға келді
Шенеунік тапа-тал түсте ішімдік ішіп, көшеге шығып "халықпен сөйлеспекші болған". Алайда тәлтіректеп аяғынан тұра алмай дүкен алдында тұрған әкімді көрген ауыл адамдары оны тыныштандыруға тырысқан. Медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.
Кейін белгілі болғандай, ауыл әкімі бұған дейін де қызмет кезінде ішімдік ішіп жүре беретін болған. Бір жылдары мүлдем бейнетіркеу камерасына да түсіп қалған.