ШҚО-да ер адамның іздеуде жүргеніне екі ай болды
Зырян ауданының 36 жастағы тұрғыны Шемонаихадағы туысына түнеуге барамын деп үйден шығып қайтып оралмаған
Денис Галицын 21 маусым күні үйден шығып кеткен. Ол Өскемен келіп, содан Шемонаихаға аттанбақ болған. Соңғы рет оны куәгерлер Өскеменде жүрген жерінен көрген.
- Кеткен күннен бері байланысқа шықпады. Ал 23 маусым күні Денистің Өскемен қаласындағы базарлардың біріне ұялы телефонын сатып жібергенін білдік, - дейді Денистің анасы Галина Галицына.
Әйелдің сөзіне қарағанда, Денис Өскеменде қаласында қалуды ойламаған.
Денис Галицына жайлы қандай да бір мағлұмат білетін жандар болса, 8 705 506 08 55 (анасы Галина Николаевна), 8 777 858 96 57 (апайы Екатерина Чебакова) нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз.