Өскемендегі Колхоз көшесінде су өшіріледі
Жеке сектордың тұрғындарының коммуналдық қызметке қарызы миллионға жеткен. Оларға ақысын төлеуге уақыт берілген, алайда төлем сомасы одан сайын ұлғайған
Қала тұрғындарына коммуналдық кәсіпорынның енді қарызға суды бере алмайтынын және сәрсенбіден бастап үйлерінде су болмайтынын ескертілді.
Колхозная көшесінің тұрғындары бірнеше жылдан бері көршілес «Вита Джус» ЖШС кәсіпорнына су құбырын пайдаланады. Алайда соңғы уақыттарда компания жұмыс істемейді. Ал жаздың басталысымен «Өскемен су арнасына» қарызы өсіп кеткен.
- Бұрын «Вита джус» ЖШС жұмыс істеген кезде, тұрғындар «Өскемен Водоканалының» су шығындарын оңай жаба алатын, - деді «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова.