Өскемендегі хоккей турнирі бір минут үнсіздіктен басталды
Астана мен Өскемен қаласының жас спортшылары өздері сияқты мұз айдынында өнер көрсетіп, спортты өмірінің мәні еткен Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алды
Жас спортшылардың ата-аналары мен жаттықтырушылар бүгінгі ойынға ауыр күрісінспен келіп отырғандарын жасырмайды. Бірақ белгіленген матч кейінге шегерілмеді. Керісінше, бұл сайыста ерекше ойын өрнегін көрсетуге бел буған.
Спорт ардагері Вадим Куликов талай әлемдік додаларды Қазақстанның атын асқақтатып келген мәнерлеп сырғанау шеберімен таныс болған. Сол себепті матч алдында Денис теннің аруағына тағзым етуге ұсынысты да Вадим тастаған көрінеді.
- Мен бұл жігітпен таныс едім. Оның өте еңбекқор болғанын білемін. Ол – бүкіл Қазақстанның жұлдызы еді. Біз қарапайым адамнан емес, мәнерлеп сырғанау бойынша өзіміздің символымыздан айырылып қалдық, - деп қайғыра көңілін білдірді спортшы.
Следующая →