Бүгін ШҚО-да лаңкестікке қарсы жаттығулар өтеді
Өскемен мен Риддер тұрғындарын тыныштық сақтауды сұрайды
Терроризммен күрес жөніндегі аймақтық жедел штабтың хабарлауынша, 2018 жылы 20 шілде күні Өскемен және Риддер қалаларында Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығы жүргізетін "Шығыс-Антитеррор-2018" республикалық оқу-жаттығулары өтеді.
Жаттығулар өткізу барысында кейбір жер учаскілерінде азаматтар мен көлік құралдарының қозғалысына шектеу болады. Тұрғындарды уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауға және сабыр сақтауға шақырады.