20 шілдеге арналған таңғы әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және тағы да басқа саладағы басты жаңалықтар легін ұсынады
Гватемаладағы жанартау атқылауынан 125 адам қаза болды
Гватемаланың табиғи апат салдарын жою ұлттық қызметінің өкілі Давид де Леонның айтуынша, Фуэго жанартауының атқылауы салдарынан қаза болған адамдар саны артып отыр, деп хабарлайды life.ru сайты.
Сот дәрігерлері жанартау аймағынан табылған тағы төрт мәйітті растады.
Енді 332 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында.
КХДР-ды денуклеаризациялау бір жылға созылады
АҚШ ұлттық барлау қызметінің басшысы Дэниел Коутс Солтүстік Кореяны денуклеаризациялау бір жыл ішінде мүмкін болмақ. Бірақ олай болмауы да мүмкін, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты
Коутс атап өткендей, бұл өте күрделі үрдіс және АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео әдейі ұзақ мерзімді белгілеп отыр.
- Техникалық тұрғыдан бұндай мүмкіндік бар. Бірақ Пампео бұл үрдіс ұзақ уақытты талап етеді деп анықт айтқаннан кейін, бұлай болмауы да мүмкін. Ол барынша ұзақ мерзімді белгіледі, - деп мәлімдеді АҚШ барлау қызметінің басшысы.
АҚШ Ресей азаматшасы Бутинаға қатысты істі кейінге қалдырды
Вашингтонның аймақтық федералды соты шетелдік агент болып қызмет етті деген күдікпен ұсталған Мария Бутинаға қатысты істі кейінге қалдырды. Отырыс 24-і емес, 25 шілдеде өтетін болды, деп хабарлайды РОСБАЛТ сайты.
Ресей азаматшасы 15 шілде күніұсталған болатын. Үш күннен кейін қашып кетпек болған ол тұтқынға алынды.
Бүгін РФ елшілігінің қызметкерлері Мариямен кездескен. Бірақ ол кінәсін мойындамай отыр.
Британия дүкендері аутизмі бар тұтынушылар үшін "тынығу сағатын" енгізді
Британиядағы супермаркеттер жүйесінің 145 дүкенінде әр сенбі сайын енді таңғы 9.00 мен 10.00 аралығында жарық сөндіріліп, әуендер тоқтатылып, мүмкіндігінше дауыс ұлғайтқыштар қолданылмайтын болды.
Сонымен қатар, сатып алушыларға дөңгелегі бар арбалар мен себеттерді пайдалануға тыйым салынбақ. Осы режіммен жұмыс жүргізу жыл басынан бері үш дүкенде сыналған болатын. Дүкенге келушілер бұл режімді қолдады.
Елде 700 мыңнан астам адам аталмыш дертке шалдыққан соң, "Аутистер ұлттық орталығы" қайырымдылық қоры да бұл бастаманы қолдады.