Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жаңа зейнетақы жүйесі кімдерді жарылқайды?

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап "еңбегіне қарай зейнетақысы" деген принципке негізделген зейнетақы жүйесі ене бастады. Яғни, базалық зейнетақыны есептеу жүйесi өзгерiп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемi артады

Бүгiнгi таңда елiмiзде орташа зейнетақы көлемi 56 мың теңгенi құрайды. Ал базалық зейнетақы көлемi өзгергеннен кейiн орташа зейнетақы мөлшерi 71 мың теңгеге өспек. Жалпы, Қазақстанда зейнетақы жүйесi үш деңгейден тұрады: бiрiншi деңгей - барлығына бiрдей мөлшерде төленетiн базалық зейнетақы, оның көлемi 15 мың 274 теңгенi құрайды. Ол еңбек өтілі мен табысы болмаған күннің өзінде зейнет жасына жеткендерге беріліп келді. Екiншi деңгей - ынтымақты зейнетақы, ол еңбек өтiлiне байланысты төленедi. Оны толық көлемде алу үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн әйелдерде 20 жыл, ер адамдарда 25 жыл еңбек өтiлi болуы тиiс. Үшінші деңгейдегісі - ерікті зейнетақы. Аты айтып тұрғандай, мұнда әркімнің зейнетақы қорына ай сайынғы аударылып отырған төлеміне байланысты.

- Осыған дейін барлық адамға базалық зейнетақы тағайындалып келген болатын. 40 жыл еңбек өтілі болса да мөлшері бәріне бірдей еді. 2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептелетін болды. Жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасы ескеріледі. 1998 жылдың қаңтарына дейінгі де, кейінгі де еңбек өтілі есепке алынып, алты пайызға өседі. Жаңа жүйе әдісіне сай, егер еңбек өтілі 10 жылдан кем не мүлдем болмаған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады, - дейді ШҚО "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ филиалының директоры Мамыралы Мамбетов.

Сонда төменгі күнкөріс деңгейі қанша деген заңды сұрақ туындайды. Бүгінгі күнгі бұл мөлшер 28 284 теңге. Бұл жердегі 28 284 теңгенің 46%-ы 15 274 теңге болып шығады. Еңбек өтіліңіз болмаса да, осы қаражатты алады екенсіз.

- Еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74%, ал 30 жылға 94%-ы көлемінде тағайындалады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде беріледі, яғни, 28 мың 287 теңге белгіленеді, - дейді Мамыралы Жұмабекұлы.

Осылайша, адам неғұрлым көп жұмыс істеген сайын оның жинақтаушы және бюджеттік қаражат есебінен төленетін базалық зейнетақысы да көбірек болмақ. Ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл жүйе - 35-40 жыл еңбек өтiлi бола тұра, төмен зейнетақы алатындар үшiн әлеуметтiк әдiл шешім.

- Менің еңбек кітапшамда жазылғандай 1998 жылға дейінгі еңбек өтілім - 23 жыл екен. Осы уақытқа дейін алып келген зейнетақым – 49000 тг. Жаңа жүйе қабылданғаннан кейін өзгерістер болады деп жатыр. Әзірше нақты қандай сома шығатынын өзім де білмейді екенмін, - дейді зейнеткер Рауия Жылысова.

1998 жылға дейiн жиналған еңбек өтiлi мен 1998 жылдың 1-шi қаңтарынан кейiн зейнетақы жүйесiне зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер есептеледi. Осы екеуiн қосып, жиынтық еңбек өтiлiн шығарады. Еңбек өтiлi көп азамат сәйкесiнше жоғары зейнетақы алады.

Бүгінде базалық зейнетақы төлемiн арттыруға республикалық бюджеттен 128 млрд теңге қарастырылған. Қазiргi зейнеткерлердiң зейнетақысы жүйеде бар құжаттары негiзiнде автоматты түрде қайта есептеледi. Сондықтан, зейнеткерлерге мемлекеттiк органға келiп, өтiнiш жазып, қайта құжат әкелудiң еш қажетi жоқ.

Уақыты келгенде еткен еңбегіңіздің қызығын көріп, зейнетақы алғыңыз келсе, келісімшарты бар, еңбек өтілі ескерілетін, жарна аударылатын жұмыс іздеуге тырысыңыз.


Анықтама: 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған жарналармен, ал 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі – еңбек кітапшасымен расталады. Базалық зейнетақы мемлекеттік бюджеттен төленеді және оны тағайындаумен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамы айналысады. Сондықтан, зейнетақының қандай әдістеме бойынша, қалай есептелетіні туралы сұрақтарды осы ұйымға жолдауға кеңес береміз. Корпорациямен 1414 бірыңғай тегін нөмірі, Facebook, Twitter, Instagram әлеуметтік желілері арқылы байланыса аласыздар. Сілтемелерді Азаматтарға арналған Үкімет ресми сайтынан таба аласыздар.


Следующая →