Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мұнай қалдықтарын төгіп кеткен кім?

Өскемен қаласы маңында мұнай қалдықтары төгілген зиянды аумақ табылды. Қара май аралас қалдықтарды кім төгіп кеткені, қайдан келгені әлі белгісіз

Мұны осыдан бір апта бұрын Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары тауып алған. Оқиға былай болған. Өскемен қаласының тұрғыны аулаға серуендеуге шығып, Ворошилов көшесі мен Жуков көпірі қиылысы маңында қыңсылаған күшіктің дауысын естіп, қаңқыл шыққан жаққа қарай барса, күшіктің балқытылған сұйықтыққа түсіп, жабысып қалғанын байқаған. Кейін орталыққа хабарласып, мұнда күмәнді, қаңсық қалдықтардың төгіліп жатқандығы жайлы айтқан.

- Күшік батып қалған көлшік мазут сарқыншағы ғана. Ал эколог мамандар маңайды сүзгіден өткізіп жүріп, Өскемен мен Риддер темір жолынан жоғары қарай бір шақырым жердегі, жотаның төбесінен бетоннан құйылған, иен жатқан қиранды ғимаратты тауып алған. Ал оның ішіне белгісіз біреулер битум аралас мұнай қалдықтарын толтырып төгіп кеткен. Қазіргі уақытта мұнай қалдықтары тексеріліп, талдама жасалып жатыр. Біздің ойымызша, бұл битум не қара май болуы мүмкін. Мұның нақты қандай қоспа екендігін талдама нәтижелері шыққан соң ғана біле аламыз, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

Қазіргі кезде Өскемен қалалық жер қатынастары бөлімі бұл аумақтың иесі кім екенін анықтап жатыр. Дегенмен экологтар мұнай қалдығының түр-сипаты мен сапасына қарап, сонау кеңес кезінен қалған қалдықтар да болуы мүмкін деп отыр.

- Табиғатта битумның таза күйде кездеспейтіні белгілі. Жол құрылысына мазут не солярка қосылған битум пайдаланылады. Ал мына битумның сапасы өте жоғары, қорытпа қабығы мықты, қазіргі битум өнімдеріне ұқсап, жарылып кетпейді. Соған қарағанда бұл битум сапалы күйде жасалған кезден қалса керек. Бетон ғимарат кезінде қойма не кәсіпорын болуы да мүмкін. Бәлкім, белгісіз біреулер цистернамен балқытылған битум әкеліп төгіп кеткен де болар. Нәтижені тек талдама ғана көрсететін болады, - дейді эколог.

Енді экологтар битум төгілген аумақ тұрғын үйлерге жақын жатқандықтан, адамдарды сақтандыруға тырысуда.

- Жақын маңдағы үй небары 200 метр жерде ғана орналасқан. Мұнда адамдар да, жануарлар да жүр. Егер байқаусызда адам битум толтырылған шұңқырға түсіп кететін болса, одан құтылып шығуы екіталай. Қалдықтардың жанынан ойыншықтарды да тауып алдық. Соған қарағанда бұл маңды балалар ойын алаңына айналдырған көрінеді. Мұнда қанша мұнай өнімінің төгілгені де белгісіз. Аяқ астынан өртеніп кетуі де ғажап емес. Оның үстіне, зиянды қалдықтар ауыз суға, жер асты суларына қосылып кетуі мүмкін, - дейді маман.

Қазір мұнай қалдықтарының қайдан пайда болғанын анықтау үшін құқық қорғау органдары мен қалалық прокуратура іске кіріскен.

Осы орайда айта кетейік, Өскемен маңында мұнай қалдықтары бірінші рет табылып отырған жоқ. Былтыр да, осыдан үш жыл бұрын да Үлбі өзеніне мұнай сұйындысы қосылып, бетіне жайылып кеткен жағдайлар болған еді. Алайда бұл өнімдерді суға кімнің төгіп кеткені тағы белгісіз күйде қалған болатын.

Одан бөлек, қаланың сол жақ жағалауындағы газгольдерлерді тексеру кезінде, оның біреуі жарылып кетіп, айналаға газ тараған еді. Экологтар бұл маңды тазартып, ретке келтіргенімен, қалада мұндай газ құйылған нысандар әлі де көп.


Следующая →