Өскеменде төрт мың бейнекамера орнатылады
"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында Өскемен қаласында бейнекамералар орнатылмақ
Аталған бағдарлама аясында көшеге жарық шамдары орналастырылып, қоғамдық көлікте электронды билет беру жүйесі енгізілмек, көпқабатты үйдегі коммуналды шаруашылық жағдайы жақсармақ.
- 2019 жылдың соңына дейін 60 мың жарық шам көшелерге орналастырылса, төрт мың бейнекамера жол бойына қойылып, жол ережесі бақыланады, - дейді ШҚО әкім аппаратының басшысы Ринат Омаров.